«Ақтөбе облысының білім басқармасы Қобда ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қобда қазақ орта мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесіне  жалпы сипаттама

«Ақтөбе облысының білім басқармасы Қобда ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қобда қазақ орта мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты  2008 жылы салынған.

Мекеме ғимаратының түрі: типтік, 2 қабатты

Жобалық сыйымдылық: 465 орын.

Жалпы көлемі: 4629.13м², пайдаланы алаңы: 4569,23м², оқу алаңы 1 843.23м².

Жылыту жүйесі: дербес, газбен

Оқыту тілі: қазақ

Мектеп мекен-жайы: Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қобда аулы, С.Сейфуллин көшесі, № 44 ғимарат

Электронды мекенжайы: kobda.kkom@mail.ru

Байланыс телефоны: 8-713-412-16-80

Сенім телефоны: 8-713-412-20-94

Білім беру құқығының лицензиясы: 2021 жылы 16 наурыз № KZ06LАА00025604

Тіркеу туралы  анықтама: 15.01.2021ж.берілген

Мекеме Жарғысы: Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020ж.23.12 № 469 қаулысымен бекітілген; қайта тіркеу 2021ж 15.01 жүргізілді

2021-2022 оқу жылында мектепте 19 класс 19 комплект бойынша 1-11 сыныптарда 422 оқушы, мектеп алды даярлық сыныбында 36 оқушы білім алуда.  Бастауыш кластарда 8  класс 8 комплект -191 оқушы. Орта буында -7 класс 7 комплект -167 оқушы. Жоғары буында 4  класс 4 комплект -60 оқушы. Мектепте инклюзивті түрде және үйден оқыту  ұйымдастырылған.

Мектепте 64 педагог қызмет етеді. Оқу үрдісі барлық пәндерінен  мамандарымен қамтамасз етілген. Сонымен қатар әлеуметтік-педагогикалық қолдау қызметі ұйымдастырылған. Педагогтер  сапалық құрамы 48% құрайды.

Оқу  кабинеттерінің саны: 28.  

2008 жылдан бастап  жабдықталаған химия кабинеті -68.11м², биология- 53,64м², физика- 52.25м2, информатика -48м²,  АӘД кабинеті- 53,4 м², қару сақтау бөлмесі – 9,66м², қару бұзатын кабинеті – 17,02 м²  , мектеп шеберханасы -3, тігін шеберханасы -45.76м², үй шаруашылығы кабинеті -28.8м², ағаш жөндеу шеберханасы-63.6м²  жұмыс жасайды. Информатика кабинеті интерактивті тақтамен  және15 компьютермен жабдықталған. Мектепте психолог және инклюзивті білім беруді  қолдау кабинеттер  қызмет етеді.

Мектеп кең жолақты интернетке қосылған. Интернет жылдамдығы: шығу 100 Мбайт, кіру 32 кбайт. Интернетке қосылу  локальді желісімен информатика, мультимедия, ағылшын тілі кабинеттері жабдықталған. Қалған оқу бөлмелерінде сымсыз желі арқылы интернетке шығу мүмкіндігі бар.

2009 жылдан бастап мектепте  медициналық кабинет  (30.1м²)  жұмыс жасайды.

Мемлекеттік лицензиясы: АКД№10292DD 18 қараша 2009 ж. берілген.

Мектепте 120 орындық асханада оқушылар 100%-ы Жалпыға білім беру қорынан болса, қалғаны мектептің бизнес жоспары есебінен және буфетте тамақтанады.

Мектеп спортзалы ( 270.25м² ) тиісті құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Акт залы алаңы  202,4  м² құрайды. Мектеп алаңында спорт алаңы, спорт корты, АӘД алаңы, мектеп жанындағы үлескісі орналастырылған.


Директор

dir

Срымова Сания Саматовна – Қобда қазақ орта мектебінің директоры; педагогикалық еңбек жолын 1985 жылы шет тілі пәні мұғалімі ретінде Ақтөбе облысы Исатай ауданында бастады. Білімі жоғары, жоғары санатты мұғалім. 1994-2010 жылдары аралығында  Ақтөбе облысы Қобда ауданы Ақырап орта мектебінде оқу ісі жөніндегі мектеп директоры орынбасарының қызметін атқарды. 2010-2021 жылдар арлығында Ақырап орта мектебі директорының қызметін атқарды. 2021ж 01-қыркүйегінен бастап Қобда қазақ орта мектебіне директор қызметіне тағайындалды. Өскелен ұрпаққа білім мен тәрбие беруде ерең еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі  «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен, Мадақтамалар мен Алғыс Хаттарымен марапатталды.