Маусым айының 4 күні Қобда қазақ орта мектебінің кітапханасында 4 маусым-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» атты кітап көрмесіне ұйымдастырылды. Көрмеге мектебіміздің 7 сынып оқушылары шақырылды. Мақсаты: оқушыларға Мемлекеттік рәміздер туралы түсінік беру, таныстыру. Көрмеге Қазақстан Республикасы туралы кітаптар қойылды.

https://www.instagram.com/p/C7wChPToGrZ/?igsh=cGlhOWJqNmNoeDlo

 

https://www.instagram.com/p/C7D2PpXI3qe/?igsh=d21zOXhlYWJrNGE5

 

https://www.instagram.com/p/C7D1732I_ES/?igsh=bGxhbDN5Z3JycWdr

 

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Қобда қазақ орта мектебінің кітапханасында 17 мамыр «Жазғы каникулда кітап оқимыз»; Буккроссинг акциясын қолдау мақсатында мектеп оқушылары «Жазда кітап оқимыз», «Мен оқығанды сен де оқы» деп кітап оқуға шақырды. Мақсаты: оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын ояту, кітапты құрметтей білуге үйрету.

https://www.instagram.com/p/C7D1vvOIp4g/?igsh=eW0yMDNrcnB1ajV4

 

Мамыр айында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 8 “ә” сынып оқушыларымен “Үш баған” әдісін қолданып , ақпараттық сауаттылықты арттыру мақсатында, мерзімді басылымдармен жұмыс өткізілді. Мақсаты: оқушыларға мерзімдік басылымдар туралы түсінік беру, оқыған мақалаларын талдау жасауға көмектесу. Қобда қазақ орта мектебі кітапханасында «Үш баған» әдісі бойынша мерзімдік басылымдармен жұмыс жасау сағаты мектебіміздің 8 ә сыныбымен өткізілді.Оқушылар мерзімдік басылымдар туралы түсінік алып, танысып, жұмыс істеді. Оқушылардың мерзімдік басылымдарға деген қызығушылығын оятты.

https://www.instagram.com/p/C6l0ZBaI0EV/?igsh=MXQ3MzE2ZnE2ZHhwcA==

 

Мектеп кітапханасында12 сәуір - ғарышкерлер күніне орай “Ғарышқа түрен салған қыран қазақ” атты танымдық сағат мектебіміздің 4 “а” сыныбымен өткізілді.Мақсаты: оқушыларға ғарыш әлемі туралы, қазақ ұшқышы космонавт Тоқтар Әубәкіров туралы мәлімет беру.Оқушыларға ғарыш әлемі туралы, космонавтар туралы түсінік берілді.Ойын ойнату арқылы викториналық сұрақтарға жауап берілді.

https://www.instagram.com/p/C5ptqbUIBum/?igsh=MWFiNjFheDJjYW5uYw==

 

Сәуір айында мектебіміздің 6 «ә» сынып оқушылары өздеріне ұнаған кітаптарын оқып, оқрман күнделігін толтырды.
https://www.instagram.com/p/C5ioJPmIeeX/?igsh=cDNtYW9ha3RrdHAx

 

Сәуір айы. Бүгін Халықаралық балалар кітабы күні!
"Балалар кітапханасы" жобасы аясында жасақталған көркем әдебиеттер балаларға арналады.

https://www.instagram.com/p/C5QPkQbofJq/?igsh=dHI1a3YwcGY4bTdp

 

Көктемгі каникул кезінде "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Тоғыз айға -9 іс -шара" тұжырымдамасын іске асыру мақсатында "Менің сүйікті кітабым" акциясы бойынша "Жау тылындағы бала" повесіне буктрейлер жасалынды. 10 “а” сынып оқушысы Абишева Гүлназ

ttps://www.instagram.com/p/C5BXGyOIZSY/?igsh=MW9iMnV5bTlvM2I2ZA==

 

Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Тоғыз айға -9 іс -шара" тұжырымдамасын іске асыру мақсатында "Менің сүйікті кітабым" акциясы бойынша "Жау тылындағы бала" повесі. 8 “ә” сынып оқушылары көктемгі каникулда оқыды.

ttps://www.instagram.com/p/C5BXGyOIZSY/?igsh=MW9iMnV5bTlvM2I2ZA==

 

Көктемгі каникул кезінде Оқуға құштар мектеп жобасы аясында "Тоғыз айға -9 іс -шара" тұжырымдамасын іске асыру мақсатында «Мен оқыған кітап» акциясы бойынша 3ә сынып оқушылары қызықты ертегілер оқыды.

https://www.instagram.com/p/C5BXB32ocDN/?igsh=ZTQ1NXl0bWYwYmt6

 

Наурыз айында“Елдігімнің айнасы-салт -дәстүрім” танымдық сағат аясында оқушыларға киіз үй, наурыз көже, ұлттық ойындар туралы мағлұмат дидактикалық ойындар арқылы таныстырылды. 2 “ә” сынып оқушылары. 

https://www.instagram.com/reel/C4xfPBjot7B/?igsh=OG40NTAxNWprNDhq

 

Наурыз айында "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Қазақстан Республикасының Оқу Ағарту министрлігінің әзірлеген "Тоғыз айға -9 іс -шара" тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Республикалық ғылыми педагогикалық кітапханасы "Менің сүйікті кітабым" атты республикалық челленджін ұйымдастырды. Ақтөбе облысының кітапсүйер қауымына Халық қаһарманы, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстандық жазушы Қасым Қайсеновтың "Жау тылындағы бала" атты повесі ұсынылды. 10 сынып оқушылары, челлендж.

https://www.instagram.com/p/C4r31QjIlPG/?igsh=NHlzYTNpYm1zb2pv

 

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Тоғыз айға -9 іс -шара" тұжырымдамасын іске асыру мақсатында "Менің сүйікті кітабым" акциясы бойынша "Жау тылындағы бала" атты повесін оқуға шақырамыз. 

https://www.instagram.com/p/C4r31QjIlPG/?igsh=NHlzYTNpYm1zb2pv

 

Наурыз айында Қобда қазақ орта мектебінде "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Қазақстан Республикасының Оқу Ағарту министрлігінің әзірлеген "Тоғыз айға -9 іс -шара" тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Республикалық ғылыми педагогикалық кітапханасы "Менің сүйікті кітабым" атты республикалық челленджін ұйымдастырды. Ақтөбе облысының кітапсүйер қауымына Халық қаһарманы, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстандық жазушы Қасым Қайсеновтың "Жау тылындағы бала" атты повесі ұсынылды. Қобда қазақ орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары челленджді қабыл алып, повесті оқуға кірісіп кетті. Бәріңізді "Жау тылындағы бала" повесін оқуға шақырамыз!

https://www.instagram.com/reel/C4YKSAjI18C/?igsh=MXZlMWZkb3BzMW0xNQ==

 

Тоғыз айға - 9 іс-шара тұжырымдамасы, ақпан айы. "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Бір сынып - бір кітап" жобасы негізінде 6 "ә" сынып оқушылары Б.Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" повесін таңдады. Жазушының осы шығармасын оқушылар 1 ай бойы оқыды. Ай соңында повесть желісі бойынша сұрақтарға жауап беріп, шығармадан алған әсерлерімен бөлісті, шығарма мазмұны бойынша өз ойларын айтты. https://www.instagram.com/p/C377dDEo1o5/?igsh=ODRhNGJ6anVqMHNm

 

Тоғыз айға - 9 іс-шара, ақпан айы. "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Бір сынып - бір кітап" жобасы негізінде 6 "а" сынып оқушылары Б.Соқпақбаевтың "Балалық шаққа саяхат" повесін таңдады. Жазушының осы шығармасын оқушылар 1 ай бойы оқыды. Ай соңында повесть желісі бойынша сұрақтарға жауап беріп, шығармадан алған әсерлерімен бөлісті, шығарма мазмұны бойынша өз ойларын айтып, авторға хат жазды.
https://www.instagram.com/reel/C35qpEeL7c7/?igsh=b3ZqaGhybHI2N210

 

Ақпан айынның ішінде мектеп кітапханашысының ұйымдастыруымен сахналық қойылым қойылды. «Лиса и журавль» ертегісін 2 «ә» сынып оқушылары қойып шықты. Мақсаты: оқушыларды достыққа шақырып, бірін-бірі сыйлай білуге, сахнада өздерін дұрыс ұстауға үйрету. https://www.instagram.com/reel/C3QQA0zIMkX/?igsh=MTJzZWhtbW43Yzd2ZA==

 

Ақпан айында мектеп кітапханасында «Жырлайды жүрек» атты М.Мақатаевтың туған күніне арналған оқу сағаты ұйымдастырылды. Кеште жазушының өмірбаяны туралы видеоролик көрсетілді. Ақынның өлеңдері оқылып, ақынның сөзіне жазылған әндер тыңдалды. Кешке 1-11 сынып оқушылары шақырылды.Кештің мақсаты:  М.Мақатаевтың өмір жолымен, шығармашылығымен оқушыларды таныстыру,оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, Отанды, туған жерді сүюге тәрбиелеу, ақын жырларынан үлгі алу. https://www.instagram.com/reel/C3HpuLQoUvD/?igsh=MTJjN2VlMXFpaTFwNQ==    

 

Ақпан айында қобда қазақ орта мектебі кітапханасында Ауған соғысынан әскерлердіңшығарылғанына 35 жыл толуына орай «Ерлікке тағзым» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Ауған соғысы туралы, соғысқа қатысып, ерлікпен қаза тапқан жауынгерлер туралы түсінік беру.Ауған соғысы туралы түсініктірек болу үшін «Ауғанның отты жалыны» атты видеоролик көрсетіліп, жалпы осы соғыс туралы түсінік берілді. Кітап көрмесімен таныстырылып, жерлес соғысқа қатысқандар туралы айтылды. Кьюар код кітаптармен берілген кітаптарды қалай оқу керегі көрсетілді. https://www.instagram.com/p/C2-HLrcor4L/?igsh=cGttbXVobGhzdmdy

 

Қаңтар айында Қобда қазақ орта мектебінің кітапханасында «Reading man» - «Кітап оқитын адам» оқушылар мен мұғалімдер арасында викториналық сұрақтарға жауап беру ойыны ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларды, мұғалімдерді кітапханаға, кітап оқуға шақыру, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Оқушылар кітапханашымен бірге дайындаған сұрақтарын мұғалімдерге барып қойып, фотоға түсіп келіп, өздерінің сыйлықтарын ойын түрінде алды. Ойынға мектептің 9- 10 сынып оқушылары шақырылды.
( https://www.instagram.com/reel/C2zytiqIIF-/?igsh=MW1mNDdxdWN1cXduNw==

 

Қаңтар айында мектеп кітапханасында мектеп парламенті мүшелерімен бірлесе отырып «Шынайы дос» атты дөңгелек үстел өткізілді. Оқушылар екі топқа бөлініп, берілген тапсырмаларды орындап, өз ойларымен бөлісті. https://www.instagram.com/p/C2toYQNI0s0/?igsh=dDFmMnlrdWRqczZ0

 

Мектебімізде «Оқуға құштар мектеп » жобасы аясында «Кітапханаға икітап сыйла» акциясы жыл бойы жүргізіледі, яғни жалғасын табуда. Мектебіміздің педагог – психологі мектеп кітапханасына Ә.Нұршайықовтың «Мәңгілік махаббат жыры», Т.С.Зыкова, Э.Н.Хотееваның «Социально-бытовая ориентировка» атты кітаптарды сыйға тартты. https://www.instagram.com/p/C2PlRr8omxg/?igsh=MTZsNmw2YnR6Y2ZvNA==

 

Қаңтар айында инженер- металлург,саясаткер, Қазақ КСР-ның аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Д.А.Қонаевтың туған күніне орай 5 сынып оқушыларымен Д.А.Қонаевтың өмірбаянымен таныстырылып, қызықты ақпараттар берілді. Мақсаты: аса көрнекті қоғам қайраткері жайлы оқушыларға мағлұмат беру, елін сүйген аталарына деген құрметке тәрбиелеу. Д.А.Қонаев жайлы фотосуреттермен бөлісу. https://www.instagram.com/p/C2PQNSWoBYr/?igsh=MW9lbzEzcW4xaDA1aw==